Милана Сафронова 40 жастағы түрік боксшысы Гюльсюм Татармен жұдырықтасады
Қазақстандық 34 жастағы боксшы Милана Сафронова (0-0-2) сегіз жылдан кейін кәсіби рингке қайта оралады.
Ол Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін IBA.Pro 7 турнирінде өнер көрсетеді. Ал жерлесіміздің қарсыласы - 40 жастағы түрік боксшысы Гюльсюм Татар (4-1, 2 КО)
Сафронова кәсіби мансабын 2017 жылы бастап, қатарынан екі жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтады, содан кәсіпқой бокстан ұзап кетті. Гюльсюм Татар да шаршы алаңға жақында ғана оралған: биылғы ақпанда ол кәсіби мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізді.
Айта кетерлігі, қос спортшы да әуесқой бокста біраз белесті бағындырған: Милана Сафронова - 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2021 жылғы Азия чемпионы. Оның қарсыласы Гюльсюм Татар - әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 2008 және 2010 жылдары жеңімпаз атағына қол жеткізген. Сонымен қатар құрлықтық жарыстарда бірнеше рет топ жарған.