Түркиялық Олимпиада чемпионы Назым Қызайбай арқылы қазақша үйреніп алған

Редактор
06.07.2025, 03:49

Аида Әбікееваны ұпай санымен ұтты.

бокс федерациясы

Олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы және қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс түрік боксшысы Бусиназ Сурменели Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында финалға жолдама алды.

 Жартылай финалда ол қазақстандық спортшы Аида Әбікееваны ұпай санымен ұтты.

Осы жеңісінен кейін Сурменели турнир ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, Қазақстанға деген жылы лебізін білдірді:

«Мен Астанаға жиі келемін, мұнда достарым көп. Бұған дейін де 2–3 рет келгенмін. Қарағанды мен Алматыда болдым. Қазақстан – маған бөтен ел емес. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасында менің достарым көп, әсіресе Назым Қызайбай – жақын құрбым. Қазақ тілінде аздап сөйлей аламын: “Рахмет”, “Қалейсың?”, “Өзің қалайсың?» деген сөздерді білемін – дейді Бусиназ.

Жартылай финалда кіммен кездескен еді?

Сурменели 65 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Аида Әбикеевамен жұдырықтасқан. Бұл жекпе-жек жанкүйерлер назарын ерекше аударды, себебі екі спортшы да әлем чемпиондары.
Төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіс түрік спортшысының еншісіне жазылды.

Қазақша сөйлеген түрік чемпионы

Қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырған тағы бір жайт – Сурменелидің қазақ тілінде сөйлегені. Қысқа болса да, жүрекке жылы тиген бұл сөздер спортшының елге деген құрметін көрсетті.