Шешуші кезеңде Назым үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды. Әйелдер арасында 48 келіде қазақстандық Назым Қызайбай топ жарды.
Финалды көруге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Шешуші кезеңде Назым үндістандық Минакши Минакшиден басым түсті. Сөйтіп Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады.
Үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016ғ2025)
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Айта кетейік, әлем кубогының финалына 12 қазақстандық спортшы шықты.