Ол бұған дейін үндістандық боксшыны жеңген болатын
Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Армат Арманұлының (3-1, 2 KO) келесі жекпе-жек уақыты мен қарсыласы белгілі болды.
Отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Армат 11 шілдеде Алматы қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы – ирандық боксшы Саджад Каземзаде (3-1-1, 3 KO). Бұл рейтингтік жекпе-жек орта салмақта өтеді.
Армат Арманұлының алдыңғы жекпе-жегі 6 мамыр күні Бангкокта өткен болатын. Ол кезде отандасымыз үндістандық боксшы Рахул Сингхты (10-1, 5 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.