Бәрі мінсіз өтті деуге келмейді
Алматы әйелдер құрамасының аға бапкері Долкунжан Камеков Астанада бокстан бокстан Әлем кубогының қорытындысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Алматы бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Өз елімізде өткен Әлем кубогының кезеңі біздің команда үшін үлкен сынақ болды. Бір жағынан, бұл бапкерлер құрамы мен спортшылар үшін емтихан іспеттес. Жалпы алғанда, команда жүктелген міндетті орындады. Әрине, бәрі мінсіз өтті деуге келмейді, жұмыс істейтін, түзетуді қажет ететін тұстар бар. Ең бастысы, біз спортшылардың әлеуетін және жаттығу барысында қай бағытқа көбірек көңіл бөлу керектігін көрдік. Әсіресе, құрама көшбасшыларының өнеріне ерекше назар аударылды. Назым Қызайбай жеңіл жарақатына қарамастан финалға дейін жетіп, жоғары деңгейдегі техникалық және тактикалық шеберлігін паш етті. Ол керемет жекпе-жектер өткізді, нағыз мінез көрсетті және өз салмақ дәрежесінде үздік спортшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», - деді бапкер.
Айта кетейік, Астанада өткен Әлем кубогында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай алтын медаль иеленді.