«Қазақ стилі» өзінің соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде өткізген
WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде мақсатқа жетуге қатысты жазба жариялады.
«Мақсатқа жету оңай болса, кез келген адам жетістік шыңында болар еді. Меніңше, мақсат жолындағы кедергілерге сынбағандардар ғана сол биікке шыға алады!», - деп жазды чемпион өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін боксшы орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізу үшін құжаттарға қол қойғанын мәлімдеген, алайда доминикандық кездесуден бас тартып, келісімшартқа қол қоймаған.
Айта кетейік, «Қазақ стилі» өзінің соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірді.