бокс кешін Жапонияның танымал «Kameda Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр
Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов 20 шілдеде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Сәкен бұл күні Бішкекте филиппиндік Кристиан Леганға қарсы қолғап түйістіреді. Қос боксшы бүгін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Айта кетейік филиппиндік боксшы бұған дейін мансабында 10 рет жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде тең нәтижеге тіркесе, 1 мәрте жеңілген.
Бұған қоса, бұл кеште тәуелсіз Қырғызстан тарихында бокстан алғаш рет Олимпиада жүлдесін иеленген Мунарбек Сейітбекулы да дебют жасайды.
Ал, кештің басты бәсекесі – даңқты өзбек боксшысы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін чемпионы Хасанбой Дусматовтың жекпе-жегі болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы — филиппиндік Ричард Ласпона.
Бұл бокс кешін Жапонияның танымал «Kameda Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.