Бұл жеңіс – маған сенім артқан барша жанға арналады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (1-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінен кейін пікір білдірді.
«Кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегімді сәтті өткіздім. Бүгінгі кеш менің алғашқы жеңісіммен аяқталғанына Аллаға шүкіршілік етемін. Бұл – тек менің ғана емес, мені әр сәтте қолдаған, дайындаған бапкерлерімнің, туған ағамның, командамның ортақ жеңісі. Біз бұл жолмен бірге келе жатырмыз, бірге тер төгіп, бірге ел намысын қорғап келеміз. мені әр сәтте қолдаған, дайындаған бапкерлерімнің, туған ағамның, командамның ортақ жеңісі. Мен рингке жалғыз шыққан жоқпын. Жанымда сенім, үміт және дұға болды. Аллаға сансыз шүкір! Жеңістеріміз жалғасын таба берсін, бұл тек бастамасы! Алланың қалауымен, біз әлі талай биік белестерді бағындырамыз! Менің жолымды қолдаған әр адамға шын жүректен алғыс айтамын! Бұл жеңіс – маған сенім артқан барша жанға арналады», – деп жазды Бибосынов өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, ол 20 шілде күні Бішкекте 23 жастағы филиппиндік боксшы Кристиан Леганені (6-1-3, 4 KO) жеңді. Жекпе-жек 52,1 келі салмақ дәрежесінде алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Сәкен қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Еске салсақ, Сәкен Бибосынов әуесқой бокста да біраз белесті бағындырған: 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанып, Токио Олимпиадасында қола жүлдеге иелік етті. Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында қола (2021) және күміс (2022) медальдар иеленген.