Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Аңыз боксшының ұлына Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу ұсынылды

Редактор
31.07.2025, 15:38

35 жастағы Крис Юбэнк-джуниорға орта салмаққа ауысу туралы ұсыныс жасалды

Коллаж 1bol.kz

Британиялық Boxing Social екінші орта салмақта IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы әрі британ боксының аңызы Крис Юбэнктің ұлы – Крис Юбэнк-джуниордың ықтимал қарсыластары туралы ой қозғады.

Аталған басылым 35 жастағы Криске мансабын аяқтамай тұрып, орта салмаққа ауысып, осы дивизионда атаққа таласып көруді ұсынды. Соның ішінде Юбэнкке WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу де ұсынылды.

«87% нокаут көрсеткішімен және ерекше стилінің арқасында сарапшылар Жәнібекті «жаңа Головкин» деп атайды: тәуекел жоғары, бірақ нәтиже де соған лайық. Ал Юбэнк-джуниор үшін барлығы анық: осы «корольдердің» бірін жеңсең, бірден бокстағы даңқтылар қатарынан табыласың», – деп жазылған мақалада.

Айта кетейік, орта салмақтағы өзге әлем чемпиондары - Карлос Адамес пен Эрисланди Лара. Адамес - WBC белбеуінің иегері, ал WBA титулы Лараға тиесілі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама