WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша боксшылар рейтингін жаңартты.
Жаңартылған тізімде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің көрсеткіштері мынадай:
Супер ауыр салмақ – Иван Дычко бір саты төмендеп, 35-орынға түсті.
Екінші орта салмақ – Бек Нұрмағанбет 15-орыннан 17-орынға сырғыды. Али Ахмедов бір орын төмендеп, 30-сатыға жайғасты.
Орта салмақ – Мейірім Нұрсұлтанов өз дивизионында бірінші орнын сақтап қалды. Бұл салмақтағы WBC чемпионы – доминикандық Карлос Адамес.
Бірінші орта салмақ – Садриддин Ахмедов бес саты төмендеп, 38-орынға түсті.
Жартылай орта салмақ – Данияр Елеусінов 30-орыннан 33-орынға сырғыды.
Бірінші жартылай орта салмақ – Батыр Жүкембаев бір саты көтеріліп, 31-орынға тұрақтады.
Екінші жеңіл салмақ – Сұлтан Заурбек 18-орыннан 19-орынға түсті.