Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Бізде дәл осындай проблема бар». Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады

Редактор
16.08.2025, 13:11

Ондайларға бокс емес, күзет бизнесіне бару қажет

©instagram.com/p/DE6QEGdoiHR

Бокстан WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас қазақстандық боксшының мансабында үнемі кездесіп келе жатқан мәселені айтты.

Ол Х әлеуметтік желідегі қолданушысы Фрэнк Блэктің жазбасына пікір қалдырды. Блэк ресейлік Бахрам Муртазалиевті бірінші орта салмақта ешкім жекпе-жекке шыққысы келмейтін «қорқынышты қарсылас» («bugyman») деп атаған еді.

«Фрэнк, бізде дәл осындай проблема бар. Орта салмақта Жәнібекпен ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Бокста ақылға қонбайтын уақыт болып тұр. Ешкім чемпиондармен шықпайды. Ондайларға бокс емес, күзет бизнесіне бару қажет», - деп жауап жазды Климас.

Айта кетейік, бұған дейін Эгис Климас «3 Knockdown Rule» подкастында сұхбат беріп, орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адаместің «Қазақ стилінен» қашып жүргенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал Сауль Альварес суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Қыркүйек айында «Канело» америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) супержекпе-жек өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама