400 мың доллар? Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жектен қанша тапқаны айтылды

17.10.2023, 11:05

Қарсыласы одан көп табыс тапқан

Facebook

WBO және IBF нұсқаларында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы германиялық қарсыласынан едәуір аз көлемде гонорар алған көрінеді.

Өткен демалыста Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас Техас штатында германиялық Винчензо Гуальтьериге қарсы айқасқа шыққан еді. Неміс боксшысы маңызды кездесуде 750 мың АҚШ долларын алған. Ал Жәнібек Әлімханұлының қанша табыс тапқаны құпия күйінде қалды.

Кейін шетелдік ақпарат көздері отандасымыздың аталған жекпе-жектен 400 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыға ие болғанын жаза бастады. Егер жекпе-жектің тікелей көрсетілімінің сатылымы 500 мың көрерменнен асқан жағдайда Жәнібектің гонорары 1,5 млн долларға дейін өсуі мүмкін екені айтылған. Бұл әзірге нақты ресми мәлімет емес.

Бүгін қос тұжырымда әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлының елімізде танымалдылығы аса жоғары. Оның даңқы мен дақпыртына қатысты әңгіме көп болғанымен, әр жекпе-жектен қанша табыс тапқаны ешқашан айтылған емес. Мұны боксшының командасының жасырғанына қарағанда отандасымыздың кәсіпқой бокстағы табысы әлі күнге мардымды болмағанға ұқсайды.