Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бивол мен «Канело» реваншы қашан өтуі мүмкін?

Редактор
23.08.2025, 12:11

2022 жылы Бивол Альваресті төрешілердің ортақ шешімімен ұтып, сенсация жасаған

Getty images

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың менеджері Вадим Корнилов шәкіртінің аты аңызға айналған мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

2022 жылы Бивол Альваресті төрешілердің ортақ шешімімен ұтып, сенсация жасаған еді.

«Альварестің өзі бұл жекпе-жекті қалай ма, мәселе сонда. Оның кек қайтарғысы келетіні жайлы үнемі естіп жүреміз. Егер қалпына келу процесі ойдағыдай өтсе, Бивол келесі жылдың алғашқы тоқсанында-ақ жекпе-жекке дайын болады», – деді Корнилов World Boxing News-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпанда шыққан. Сол кезде ол реваншта жерлесі Артур Бетербиевті жеңіп шықты. Жақында Бивол арқасындағы жарақатына байланысты операция жасатқан еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама