Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бес жылда - бес белбеу: Балауса Мұздыман сенсациялық мәлімдеме жасады

02.09.2025, 10:01

5 қыркүйекье Алматыда Балауса Мұздыман үндістандық боксшымен кездеседі

instagram.com/muzdi___

Кәсіпқой бокста «Қазақстанның ең сұлу боксшысы» атанған Балауса Мұздыман алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол келесі бес жылда бес чемпиондық белбеуді иемденуді көздеп отыр.

«Бес жыл ішінде бес белбеудің иесі боламын деп сенемін. Тіпті бір емес, екі салмақта әлем чемпионы атану жоспарда бар. Себебі қыздар арасында салмақ айырмашылығы шамамен 1,5–2 келі ғана, сондықтан бір салмақтан екіншісіне ауысу аса қиын емес. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын», – деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 5 қыркүйек күні Алматыда Балауса Мұздыман үндістандық боксшы Мамта Сингхке қарсы шаршы алаңға шығады. Бұл жекпе-жекте UBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Мамта Сингх кәсіби рингте 9 жекпе-жек өткізіп, оның 7-де жеңіске жеткен, 2 рет жеңілген. Ал Балауса Мұздыман әзірге 8 кездесуде де қарсыластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: