Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Сұлу қыздардың бокс кеші неге өтпей қалды? Балауса Мұздыман Ангелина Лукас туралы айтты

Редактор
Бүгін, 00:35

Меніңше, бұл кездесу жанкүйерлер үшін де қызықты болушы еді

коллаж: 1bol.kz

Әйелдер боксында қазақстандық екі сұлу бойжеткен Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман арасында жекпе-жек өткізу туралы мәселе жиі көтеріледі. Мұздыманның өзі Лукасты әуесқойда жеңгенін айтқан. Алайда осыдан біраз бұрын спорт функционері Камил Гаджиев екі былғары қолғап шеберінің арасында айқас ұйымдастырғысы келетінін алға тартты.

Тіпті 50 мың доллар сыйақы беруге дайын екенін де тілге тиек еткенімен, кездесу бәрібір өткен жоқ. Мұздыман оның себебі былай деп түсіндіреді:

«Гаджиев тарапынан айқас өткізуге деген қызығушылықтың болғаны рас. Меніңше, бұл кездесу жанкүйерлер үшін де қызықты болушы еді.Командамызбен ақылдаса отырып келісім бердік, дегенмен Ангелинаның тарапынан жауап болған жоқ», - дейді Балауса Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында. 

Боксшы қыз артық сөзді ұнатпайтынын, сүйікті ісімен айналысқанды ғана жөн көретінін айтты.

«Дау-дамайды жақтырмаймын, хайп қуалайтындар да ұнамайды, ондайлардан алшақ жүруге тырысамын», - деді боксшы қыз. 

Айта кетейік, Балауса Мұздыман келесі айқасын 5 қыркүйекте Алматыда өткізеді. Ал оның қарсыласы - үндістандық боксшы Мамта Сингхк. Бұл жекпе-жекте UBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама