Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Өзбекстанның олимпиада чемпионы Төрехан Сабырханнан «қашып», салмақ ауыстырды ма?

Редактор
03.09.2025, 18:10

Асадхуджа Муйдинхуджаев 71 келі салмақтан 65 келіге ауысқан

әлеуметтік желі

4–14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының аясында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Жеребе 3 қыркүйекте Астана уақытымен 20:45-те тартылады. Бұл туралы «Спорт Шредингера» сайты жазды.

Алайда осы доданың алдында Өзбекстан құрамасынан күтпеген жаңалық жетті. Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаев 71 келі салмақтан 65 келіге ауысуға бел буғанын жария етті.

Бұл шешім жанкүйерлер мен сарапшылар арасында түрлі пікір туғызды. «Qazsport» арнасының комментаторы Исатай Мәди де өз ойын ашық жеткізді:

«Асадхуджа 65 кг-ға түсті ме? Таңғалдым ба? Жоқ! Өйткені ол Төрехан Сабырханнан қашты. Бұған 100% сенімдімін. Әлемдік деңгейдегі көшбасшы бола тұрып, неге 70–71 кг-нан 5 кг төмен түсу керек?», – дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Болгарияда өткен чемпионатта жеребе алғашқы айналымда Муйдинхуджаев пен Төрехан Сабырханды жұптастырған. Бірақ өзбекстандық боксшы келесі күні-ақ жарыстан бас тартқан болатын.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама