Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бүгін қазақ боксшысы әлем чемпионатында өзбекстандық қарсыласымен кездеседі

Редактор
04.09.2025, 10:04

Нигина Уктамовамен кездеседі

бокс федерациясы

Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл дода алғаш рет World Boxing ұйымы аясында өтеді.

4 қыркүйекте отандастарымыз арасынан алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сеғссия қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген. 

Сондай-ақ кшкі сессияда 13-жұпта Б рингінде Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді. 

Айта кетейік, тарихта тұңғыш рет World Boxing ұйымының аясында әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді. Жарысқа 68 елден 554 спортшы (329 ер, 225 әйел) қатысуда. Қазақстан намысын Англияда 20 боксшы қорғайды. Ерлер құрамасында да, әйелдер құрамасында да 10 спортшыдан бар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама