Соңғы шешуші кезеңде қазақстандық боксшы жеңісті жұлып алды.
Бүгін бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 70 келіде ел намысын қорғап жатқан Төрехан Сабырхан алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
Ол 1/16 финалда алжирлік Юсуф Яичемен жолыққан. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен Сабырхан басым түсті деп шешті. Ал екінші кезеңде қарсыласы 4:1 есебімен алға шықты.Соңғы шешуші кезеңде қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, жеңісті жұлып алды.
Енді отандасымыз 1/8 финалда Нидерланды боксшысымен кездеседі.
Төрехан - жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.