Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан азаматтығынан бас тартқан боксшы әлем чемпионатында жеңілді

Редактор
07.09.2025, 10:57

Венгрия атынан сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы хорват қызына жол берді

ҰОК

Қазіргі таңда Венгрия атынан сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы Владислава Кухта Ливерпульдегі (Англия) әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңілді.

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан аламанның 1/16 финалында Кухта хорватиялық Сара Бераммен кездесті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты айқаста төрешілердің басым бөлігі хорват қызын жеңімпаз деп тапты (2:3). Осылайша Владислава жарысты мерзімінен бұрын аяқтап, ал хорватиялық боксшы 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл дода – World Boxing ұйымының тарихындағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.

Қазақстандық бойжеткендерден екі боксшымыз жарыстан шығып қалды. Чемпионаттың алғашқы күнінде 54 келіде өнер көрсеткен Элина Базарова бірінші айналымда өзбек боксшысына есе жіберген. Ал кеше 75 келідегі Надежда Рябец қытайлық боксшыдан ұтылды. Айта кетейік, Надежда Рябец 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама