Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Алуа Балқыбекова оңтүстіккореялық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Редактор
09.09.2025, 16:26

Отандасымыз әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді

ҰОК

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 келі) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, ширек финалға жолдама алды.

Бүгін өткен кездесуде қазақстандық спортшы оңтүстіккореялық Гаюн Мунға қарсы шығып, айқын басымдық танытты. Екінші раундта Алуа қарсыласын бір мәрте есеңгіретіп, жалпы есепте 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Балқыбекова әлемдік додадағы алғашқы кездесуін сенімді түрде аяқтап, келесі кезеңге жол ашты. Ширек финалдағы қарсыласы 10 қыркүйек күні Германия мен Тайпэй боксшылары арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама