Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, 1/4 финалға өтті

Редактор
09.09.2025, 18:34

Отандасымыз Косово өкілі Башким Бажоку алғашқы раундта жеңді

ҰОК

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске қол жеткізді.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал аясында ол Косово өкілі Башким Бажокумен кездесіп, алғашқы раундта-ақ нокаутпен ұтты. Осылайша Сабырхан ширек финалға жолдама алды, ал қарсыласы турнирді аяқтады.

Бірінші айналымда Махмұд Мексика спортшысын жеңген еді. Ендігі қарсылас Нидерланд-Жапония кездесуінде анықталады.

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл чемпионат – ересектер арасындағы тарихтағы алғашқы әлем біріншілігі, оны жаңа құрылым – World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама