Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

World Boxing Махмұд Сабырханның нокаутына жоғары баға берді

Редактор
10.09.2025, 11:26

Отандасымыз Косово елінің өкілі Башким Бажокуды алғашқы раундта нокаутқа түсірген

ҰОК

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ресми сайты Worldboxingliverpool.com қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның сенімді жеңісін айрықша атап өтті.

1/4 финалдық жекпе-жекте 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сабырхан қарсыласы — Косово елінің өкілі Башким Бажокуды алғашқы раундта нокаутпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

«55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырханның өнері ерекше әсер қалдырды. Ол Косоводан келген Башким Бажокуды бірінші раундта-ақ нокаутқа түсіріп, медаль үшін айқасқа жол ашты. Енді ол жапон боксшысы Руи Ямагучимен кездеседі. Сабырханның бұл жеңісі Қазақстан құрамасы үшін табысты күннің жарқын бөлігі болды. Команда барлық төрт жекпе-жекте жеңіске жетті», – деп жазды ресми сайт.

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл әлем чемпионаты World Boxing ұйымы өткізген ересектер арасындағы алғашқы біріншілік болып саналады. Дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама