Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Осылай ұру керек еді». Асланбек Шымбергенов жазбасымен жұртты ойлантып қойды

Редактор
12.09.2025, 20:51

Техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

olympic.kz / Сали Сабиров

Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Instagram парақшасында 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарындағы жекпе-жектен үзінділерді бөлісті. Ол ширек финалда өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевпен қолғап түйістіріп, алғашқы екі раундта ұпай жағынан ұтылып жатқанымен, үшінші раундта камбэк жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

«Міне, осылай ұру керек еді», – деп жазды Шымбергенов бейнероликтің астына.

Бұл жазба Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалындағы жағдайдан кейін жарияланды. 65 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Ертуған Зейнуллинов дәл осы өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Бұл шешім жанкүйерлер арасында үлкен талқылау туғызып, пікірталастарға себеп болды.

Шымбергеновтің жазбасы – дәл осы даулы жекпе-жекке жанкүйерлер қойған сұрақтарға өзіндік жауап іспетті болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама