Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақ қызы өзбек боксшысын жеңіп екі дүркін әлем чемпионы атанды

Редактор
14.09.2025, 23:07

Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты

ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Аида Әбікеева (65 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Әбікеева өзбек спортшысы Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты. Шешуші раундта қазақстандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, төрешілердің шешімімен 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Әбікеева әлем чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы төртінші алтын жүлде болды. Бұған дейін:

  • Санжар Тәшкенбай (50 келі),

  • Махмұд Сабырхан (55 келі),

  • Алуа Балқыбекова (51 келі)
    алтыннан алқа таққан.

Сонымен қатар, Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама