Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Наталья Богданова Қазақстанға алтыншы алтынды сыйлады

Редактор
Бүгін, 00:18

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті

ФОТО: PA Images via Getty Images

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Ақтық сында Богданова аустралиялық Лекейша Перголитимен жұдырықтасты. Үш раунд бойы сенімді өнер көрсеткен қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұл — Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі. Бұған дейін:

  • Санжар Тәшкенбай (50 келі),

  • Махмұд Сабырхан (55 келі),

  • Алуа Балқыбекова (51 келі),

  • Аида Әбікеева (65 келі),

  • Төрехан Сабырхан (70 келі)

Ал Назым Қызайбай (48 келі) финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Енді ел намысын қорғап жатқан Айбек Оралбай (90 келі) алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама