Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады

Редактор
15.09.2025, 16:16

Бар күшін салған әрбір боксшымен мақтанамын

ҰОК

Даңқты қазақстандық боксшы, қазіргі таңда ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин Ливерпульде (Англия) кеше аяқталған World Boxing тарихындағы алғашқы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша әлеуметтік желіде жазба жариялады

«Алғашқы әлем чемпионаты World Boxing өз мәресіне жетті. Рақмет, Ливерпуль! Тарих жазылды. Барлық спортшыларға осы күндерді шабыттандырарлық еткені үшін алғыс айтамын. Бар күшін салған әрбір боксшымен мақтанамын. Бұл – тек бастамасы», — делінген Геннадийдің жарияланымында.

Айта кетейік, GGG сонымен қатар World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін де атқарады.

2025 жылғы Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеті алтын, бір күміс және екі қола медальмен бірінші орынды иеленді.

Реклама
Реклама