Жарнама
Жарнама

«Оралбайды 19 жастағы боксшымыз-ақ жеңіп тастады, жігіттеріміз 6 алтын алды – өзбекстандық бапкер

Редактор
18.09.2025, 10:08

19 жастағы боксшымыз сіздердің Олимпиада жүлдегерлеріңізді жеңді

әлеуметтік желі

Өзбекстанның бокс құрамасының бапкері Рахматжон Рузиохунов Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасының жеңісіне скептикалық пікір білдірді.

Ол Instagram-дағы сторизінде:

«Әлем чемпионатында 6 алтын медаль иеленіп, сіздерді басып озған – Өзбекстан. Оның үстіне, біздің 19 жастағы боксшымыз сіздердің Олимпиада жүлдегерлеріңізді жеңді. Қазақстандық блогерлер мен журналистердің еңбегін жоққа шығармаймын, бірақ шындық осы», – деп жазды.

Айта кетейік, бұл біріншілікте Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Қазақстаннан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар, ерлер құрамасы бойынша Өзбекстан бірінші орынды иеленді.

Реклама
Реклама