Жарнама
Жарнама

Боксшыларға 100 мың доллардан береміз – Қазақстан бокс федерациясы

Редактор
19.09.2025, 15:49

10 боксшы қомақты сыйақыға ие болады

Қазақстан бокс федерациясы

Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған және жүлделі болған 10 боксшы қомақты сыйақыға ие болады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты.

Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға 100 мың доллар, ІІ орынға 50 мың доллар, ІІІ орынға 30 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған, - деді Шахмұрат Мүтәліп «Ашық алаң» бағдарламасында.

Айта кетейік, көктемде Сербияның Ниш қаласында өткен бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар мен олардың бапкерлеріне де сыйақы берілген. Сол кезде Аида Әбікеева мен Алуа Балқыбекова және Назым Қызайбай 100 мың долларға ие болған.

Реклама
Реклама