Жарнама
Жарнама

World Boxing қазақ боксшыларына ешқандай сыйақы бермеген

Редактор
05.10.2025, 15:45

Ерлер құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды

Әлеуметтік желі

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында 2025 жылы Англияда өткен әлем чемпионатында World Boxing ұйымы қаржылай сыйақы берген-бермегені туралы айтты. 

«Жоқ, World Boxing тарапынан ешқандай жүлде болған жоқ», - деді маман.

Еске сала кетсек, Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қазақстандықтар жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді. 

Ерлер құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды: Санжар Тәшкенбай (50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Махмұд Сабырхан (55 кг), Торехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).
 

Реклама
Реклама