Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та үш белбеу үшін айқасады

Редактор
11.10.2025, 14:26

Жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді

sportilinet.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) мен кубалық Эрисланди Лара (31 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең нәтиже) арасындағы біріктіру жекпе-жегінің өтетін уақыты мен орны белгілі болды.

Белгілі спорт журналисі Дэн Рафаэльдің мәліметінше, айқас 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында, Frost Bank Center аренасында өтеді. Бұл кеш орта салмақтағы WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулері сарапқа салынатын ерекше оқиға болмақ.

Кештің басты бәсекесінде мексикалық Айзек Крус пен америкалық Ламонт Роуч жұдырықтасып, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын анықтайды.

Қазақстан уақытымен жекпе-жек 7 желтоқсан күні таңертең көрсетіледі.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы биылғы сәуір айында Астанада өткен соңғы кездесуінде француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз белбеуін сәтті қорғаған болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама