Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Сәкен Бибосынов аяқ астынан шешімін өзгертті

Редактор
15.10.2025, 11:14

Қырғызстанда өтетін кәсіпқой бокс кешіне дайындалатынын жазған еді

ҰОК

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты басталды. Жеребеде 55 келіде Сәкен Бибосыновтың есімі көрсетілген.

Бұған дейін боксшы ел біріншілігіне қатыспайтынын, Қырғызстанда өтетін кәсіпқой бокс кешіне дайындалатынын жазған еді.

«26 қазан – мен үшін үлкен күн. Жекпе-жегіме дайындық қызу жүріп жатыр. Әрбір тер төккен сәтім – жеңіске жақындатады.  Бұл жолы да барымды салып, ел сенімін ақтау үшін рингке шығамын. Алда талай сынақ бар, бірақ мақсатым – тек жеңіс!», – деп жазған болатын Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде өтеді. Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері.

14 қазанда жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама