Боксшы спорттағы алғашқы қадамы туралы айтып берді
Кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман «1001 түн» бағдарламасында қонақ болып, спорттағы алғашқы қадамы туралы әңгімеледі.
«Кішкентайымнан мінезді болдым. Көрші үйдің балаларымен төбелесіп, асық, футбол ойнап, үнемі далада жүретінмін. Боксқа да балалық қызығушылықпен бардым. Әрі әкем қолымнан жетектеп, өзі апарған. Ең алғаш Алматы облыстық чемпионатқа барып, одан кейін Қазақстан чемпионатына барып, чемппион атанған едім», – дейді спортшы.
Оның айтуынша, бастапқыда медицинаға қызығып, хирург болуды армандаған.
«Бокс болмаса, спортқа келмейтін де шығармын. Себебі, бала кезімде хирург дәрігер болуды армандағам», – дейді боксшы қыз.
Айта кетейік, кәсіпқой бокста «Қазақстанның ең сұлу боксшысы» атанған Балауса Мұздыман алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол келесі бес жылда бес чемпиондық белбеуді иемденуді көздеп отыр.