Мэтт Робинсон: Сабырханның алтын тұрмақ, тіпті жүлдегер атануының өзі қиын болады
Британиялық бокс сарапшысы Мэтт Робинсон қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатындағы өнеріне баға берді.
«Төреханның Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы алтын медалін нағыз сенсация деп айтуға болады. Өз басым жарыс алдында жеңімпаз атағы жергілікті боксшы Одэль Камараға бұйырады деп ойлаған едім. Өйткені қатысушылар құрамына қарасаң, бұрынғы әлем чемпиондары Окадзава, Захарьев, сондай-ақ тәжірибелі боксшылар Ишаиш, Кавалларо мен Траоре бар. Осындай мықтылардың арасындк Сабырханның алтын тұрмақ, тіпті жүлдегер атануының өзі қиын болады деп санағанмын, - дейді Робинсон.
Сарапшы қазақ боксшысының Олимпиададағы мүмкіндіктері жайлы да айтты.
«Кейбір тұрақсыз жекпе-жектеріне қарамастан, ол өз мақсатына жетті. Әсіресе оның турнир барысында-ақ шыңдалып, тез бейімделу қабілеті қатты ұнады. Егер ол осы бағытынан таймаса, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында қарсыластарына оны жеңу өте қиын болады деп ойлаймын», - деп жазды сарапшы.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан World Boxing әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген болатын.