Жарнама
Жарнама

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Редактор
11.11.2025, 10:01

АҚШ боксшысы, бірінші орта салмақ дәрежесіндегі үміткер Хесус Рамос мәлімдеме жасады

әлеуметтік желі

АҚШ боксшысы, бірінші орта салмақ дәрежесіндегі үміткер Хесус Рамос (23-1, 19 КО) қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға ниетті екенін мәлімдеді.

Рамостың айтуынша, бұл жекпе-жек оның мансабындағы ең қалаулы үш айқастың қатарына кіреді. 6 желтоқсан күні Сан-Антониода америкалық боксшы Шейн Мозлимен (22-4, 12 КО) шаршы алаңға шығады. Егер ол жеңіске жетсе, тек ірі есімдерге қарсы айқасуды мақсат етіп отыр.

«6 желтоқсаннан кейін мен Карлос Адамеспен кездесіп, әлем чемпионы атағын иеленгім келеді. Бұл – менің басты мақсатым. Ал арманымдағы жекпе-жек – Вёрджил Ортиспен айқасу. Бұл Баррера мен Моралес арасындағы классикалық текетірестің заманауи нұсқасы болар еді. Тіпті трилогия жасауға да болады», - деді Рамос The SchuZ Show подкастында.

Сондай-ақ ол ең қалаулы үш қарсыласын атады:

  1. Теренс Кроуфорд — «Жақында ірі жеңіске жетті, сондықтан оның есімі менің тізімімнің басында».
  2. Вёрджил Ортис — «Онымен айқас – нағыз жанкүйерлер күтетін шайқас».
  3. Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара жекпе-жегінің жеңімпазы — «Орта салмақта абсолют болуға мүмкіндік беретін қарсылас».

Осылайша, Хесус Рамос өз амбициясын ашық білдіріп, болашақта қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін көрсетті.

Реклама
Реклама