Бұл туралы шымкенттік футзал жаттықтырушысы әрі төрешісі Нұржан Алсаев айтты
Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов тәртіптің түзеу колониясына барып, арнайы іс-шараға қатысты. Бұл туралы шымкенттік футзал жаттықтырушысы әрі төрешісі Нұржан Алсаев айтты.
«Түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтардың арасында спорттық іс-шара өтті. Спорттан хабары бар азаматтардың ойынына куә болып, марапаттап қайттық. Отбасыларына аман-есен оралсын», - деп жазды Нұржан Алсаев.
Біржан Жақыпов бокстан ұлттық құрамада ұзақ жылдар бойы өнер көрсетіп, 2017 жылы кәсіби мансабын аяқтады. Ол үш Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалға дейін жеткен болатын. Сонымен бірге, Азия ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, әлем чемпионы (2013 ж.) және қола жүлдегері (2005 ж.).
Спортшы үлкен спорттағы жолын аяқтаған соң спорт саласында жетекшілік қызмет атқарумен қатар, қоғамдық жұмыстарға жиі атсалысады.