Жас былғары қолғап шеберлерінің айқасынан үзінді әлеуметтік желіде тарады
Танымал боксшы Дәурен Елеусінов пен орта салмақта WBO, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ұлдары бокстасты.
Жас былғары қолғап шеберлерінің айқасынан үзінді әлеуметтік желіде тарады.
«Данияр Елеусіновтің туған ағасының ұлы мен Жәнібек Әлімханұлының ұлы шаршы алаңда кездесті», - делінген видеоның жазбасында.
Кездесу қорытындысы бойынша Дәурен Елеусіновтің ұлы жеңіске жеткен.
«Елеусінов жеңіске жетті. Қанына тартпай қоймайды деген. Болашақта еліміздің туын көтеретін боксшылар», - деп нақтылады видео авторы.
Айта кетейік, Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) – Рио олимпиадасының чемпионы, бүгінде кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Данияр Елеусіновтің туған ағасы, ұзақ уақыт өзі де шаршы алаңда жұдырықтасты, ал соңғы кездері бапкерлікке ден қойып, тағы бір қазақстандық Елшат Нығметолланы (21-0-1, 8 КО) кәсіпқой боксқа дайындап жүр.
Ал Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтеді (Қазақстан уақытымен – 7 желтоқсан күні таңертең) АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында Эрисланди Ларамен кездеседі. Бұл айқаста үш белбеу сарапқа салынады.