Жарнама
Жарнама

Өзбекстан әлем кубогына қатысатын құрамын жариялады

Редактор
14.11.2025, 14:47

Турнир 16-20 қараша аралығында өтед

sports.uz

Өзбекстан құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтетін World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін ұсынды.

Турнир 16-20 қараша аралығында өтеді. Додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да қатысады.

Өзбекстан құрамасының финалдық кезеңге арналған құрамы:

Ерлер:

  • 50 кг: Асилбек Жалилов
  • 55 кг: Самандар Олимов
  • 60 кг: Дилшод Абдумуродов
  • 65 кг: Адхам Мухиддинов
  • 70 кг: Мухаммадазизбек Исмоилов
  • 75 кг: Жавохир Абдурахимов
  • 85 кг: Жасурбек Юлдошев
  • 90 кг: Нусратбек Тохиров
  • 90+ кг: Халимжон Мамасолиев

Әйелдер:

  • 48 кг: Фарзона Фозилова
  • 51 кг: Гулсевар Ганиева
  • 54 кг: Нигина Уктамова
  • 57 кг: Ситора Турдибекова
  • 70 кг: Азиза Зокирова
  • 81+ кг: Олтиной Сотимбоева.
Реклама
Реклама