Жарнама
Жарнама

Допинг дауы: Өзбекстаннан шыққан Олимпиада чемпионы жарыстардан шеттетілді

Редактор
14.11.2025, 20:28

26 жастағы Лазизбек Муллажонов - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы

© Richard Pelham / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Өзбекстанның танымал боксшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) ресми хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс кезеңде алынған сынамадан тыйым салынған метастерон препараты анықталған. Спортшы допинг қолданғанын мойындағандықтан, оған берілетін жаза төрт жылдан үш жылға қысқартылды.

Ресми шешімге сәйкес, Муллажонов 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін әуесқой бокста өтетін ресми жарыстарға қатыса алмайды. Сонымен қатар оның 2025 жылдың 11 маусымы мен 22 шілдесі аралығында көрсеткен барлық нәтижесінің күші жойылды.

26 жастағы Лазизбек Муллажонов - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы (92 кг) және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әуесқой бокстан бөлек, ол кәсіпқой рингте де сәтті өнер көрсетіп жүрген: алты жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті.

Айта кетейік, спортшы 14 қарашада нигериялық боксшы Моньясаху Муритадорға қарсы кезекті айқасына шығуы тиіс еді.

Реклама
Реклама