Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболшылары Данияға аттанды

Редактор
Бүгін, 11:22

«Копенгаген» – «Қайрат» кездесуі 26 қараша күні, Астана уақытымен 22:45-те «Паркен» стадионында өтеді

ск

Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншылары УЕФА Чемпиондар лигасының келесі матчы үшін Данияға жол тартты.

Команданың әуежайға келген сәтінен түсірілген видеоны клубтың баспасөз қызметі жариялады.Чемпиондар Лигасының 5-тур аясындағы «Копенгаген» – «Қайрат» кездесуі 26 қараша күні, Астана уақытымен 22:45-те «Паркен» стадионында өтеді.

Турнирдің бұл кезеңінде екі команда да әлі жеңіс тойлаған жоқ. Екі клубтың да жинағаны – 1 ұпай. Турнирлік кестеде «Копенгаген» 33-орында болса, «Қайрат» 34-орында тұр.

Клубтың Чемпиондар лигасындағы қалған матчтары:

  • 26 қараша: «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
  • 9 желтоқсан: «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
  • 20 қаңтар: «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
  • 29 қаңтар: «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)

Жарияланған видеодан команданың барлық көшбасшыларының, соның ішінде клубтың басты жұлдызы Дастан Сәтпаевтың сапқа қосылғаны байқалады.

Данияға сапар «Қайрат» үшін оңай болмайды: Алматы мен Копенгагеннің арақашықтығы 6422 шақырымды құрайды.

Чемпиондар Лигасының «Копенгаген» – «Қайрат» матчы 26 қарашада, Астана уақытымен 22:45-те басталады.

Реклама
Реклама