Жарнама
Жарнама

Жасанды интеллект «Копенгаген» – «Кайрат» матчына болжам жасады

Редактор
26.11.2025, 10:47

Матч 22:45-те басталады

ФК «Қайрат»

Бүгін Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңі аясында Данияның «Копенгагеніне» қонаққа барады. Қарсылас алаңындағы ойынды қазақстандық жанкүйерлер аса қызығушылықпен күтіп отыр. Матч қарсаңында жасанды интеллект (ЖИ) ойын жөнінде егжей-тегжейлі талдау жасады.

ЖИ бағалауы бойынша, кездесудің басым бөлігі алаң иелерінің бақылауында өтуі мүмкін. Оның айтуынша, «Копенгаген» үйде дәстүрлі түрде сенімді ойнайды. Орталықтағы қысымды, шапшаң шабуылдарды және тәртіпті қорғанысты тиімді қолданады. Даниялықтар көбіне бірінші нөмірмен ойнап, жоғары прессинг арқылы темпті өз қолында ұстайды.

Ал «Қайрат» позициялық шабуылды ұнататын команда ретінде дәл осындай стильге қарсы ойнағанда қиналуы ықтимал. Дегенмен, алматылықтардың жылдам қарсы шабуылға шығу мүмкіндігі бар. ЖИ пікірінше, қонақтар үшін басты сынақ — қарсыластың үздіксіз қысымына төтеп беру және қорғаныс кезінде қателікке бой алдырмау.

ЖИ «Қайраттың» соңғы маусымдардағы маңызды ойындарда кейде позициялық қорғаныста бос кеңістік қалдырып, ара-тұра сынып кететін эпизодтар болатынын атап өтеді. Мұндай сәттерді «Копенгаген» өз пайдасына шебер пайдалануы мүмкін. Әсіресе матчтың екінші жартысында, 60-минуттан кейін, алаң иелерінің кадрлық тереңдігі мен ойыншылардың жеке шеберлігі шешуші рөл атқаруы ықтимал.

ЖИ болжамы мынадай:

«Матчты «Копенгаген» бақылауда ұстайды. «Қайраттың» гол соғу мүмкіндігі төмен, тек стандарттар немесе жылдам қарсы шабуылдар арқылы ғана мүмкіндік тууы ықтимал. Ал даниялық клубтың басымдығы айқын. Болжамды есеп: 2:0 — «Копенгагеннің» пайдасына», — деп болжады жасанды интеллект.

Матч 22:45-те басталады.

Реклама
Реклама