Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды

Редактор
Бүгін, 11:51

«Сабах» алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіне шықты

kazfootball.kz

Қазақстандық қақпашы әрі Әзербайжанның «Сабах» клубының капитаны Стас Покатилов Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын болды.

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде «Сабах» өз алаңында Данияның «Орхус» командасын 4:0 есебімен жеңді. Покатилов кездесуді толық өткізіп, қақпасына гол жібермеді.

Алғашқы таймда қос команда да есеп аша алған жоқ. Үзілістен кейін алаң иелері шабуылды күшейтіп, қарсылас қақпасына төрт гол соқты. «Сабах» сапынан Велько Шимич, Ксандер Северина, Стив Сольве және Джой-Ланс Микелс мергендік танытты.

Бір апта бұрын өткен алғашқы ойында әзербайжандық клуб сырт алаңда «Орхусқа» 1:2 есебімен жол берген еді. Алайда қарымта матчта ірі есеппен жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.

Осылайша, «Сабах» клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіне шықты. Енді Покатилов бастаған команда шешуші кезеңде Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» клубымен кездеседі.

Реклама
Реклама