Жарнама
Жарнама

Үш голдан да көп гол соғуға болатын еді – Мбаппе

Редактор
01.10.2025, 11:15

Мбаппе жанкүйерлеріне арнап мәлімдеме жасады

instagram.com/realmadrid

Әлем чемпионы, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының «Қайратқа» қарсы кездесуінде матчтың үздік ойыншысы атанды.

Француз форвард бұл ойында хет-трик жасап, «Реалдың» ірі жеңісіне зор үлес қосты. Оған арнайы статуэтка табысталды.

Ойыннан кейін Мбаппе жанкүйерлерге арнап сөз сөйледі:

«Бүгін үш гол соқтым, бірақ одан да көп гол соғуға болатын еді. Келесі жолы қателігімді түзеймін деп уәде беремін. Тағы бір жеңісті қоржынға салып, қосымша ұпаймен Мадридке ораламыз. Сенбі күні «Бернабеуде» жолығайық! Hala Madrid!», – деді Килиан Мбаппе.

 

Реклама
Реклама