Матч 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді
Алматылық «Қайрат» футзал клубының УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы келесі ойынына билет бағасы белгілі болды.
Қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен матч 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл кездесуде Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Кипрдің «Пафос» клубын қабылдайды.
Билет бағалары мынадай:
Батыс трибуна:
– 30 000 теңге (1–9 сектор, 1–3 қатар)
– 150 000 теңге (10–11, 16–17 секторлар, 4-қатар және жоғары)
– 250 000 теңге (12–15 секторлар)
Шығыс трибуна: 75 000 теңге (30–48 секторлар)
Солтүстік трибуна (қақпа артында):
– 30 000 теңге (20–28 секторлар)
– 75 000 теңге (18–19 секторлар)
Оңтүстік трибуна (қақпа артында):
– 30 000 теңге (49–58 секторлар)
– 75 000 теңге (59–60 секторлар)
Билеттердің онлайн сатылымы 13 қазан күні сағат 12:30-да басталды.
Еске сала кетейік, «Қайрат» алғашқы екі ойында Лиссабонның «Спортингіне» (1:4) және Мадридтің «Реалына» (0:5) есе жіберген болатын. Алдағы матч – команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі үшін аса маңызды сын болмақ.