Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайратты» Еуропаға шығарған қақпашы 22 жасқа толды

Редактор
14.10.2025, 11:50

2017 жылдың қарашасынан бастап Темірлан «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі атанды

әлеуметтік желі

Бүгін туған күнін атап өтіп жатқан Темірлан Анарбеков – қазақстандық футболдың жаңа буынындағы ең дарынды әрі үміт күттіретін қақпашылардың бірі. Ол Атырау қаласында дүниеге келіп, алғашқы футболдық қадамын туған жерінің клубында бастаған.

2017 жылдың қарашасынан бастап Темірлан «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі атанды. Ал небәрі 17 жасында, 2020 жылы, ол Премьер-лигадағы алғашқы ойынын «Таразға» қарсы өткізді (0:1) — бұл оның кәсіби мансабындағы алғашқы маңызды кезең болды.

Кейін, 2022 жылы, Анарбеков Бірінші лигада өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» командасының капитаны болып, көшбасшылық қасиетін дәлелдеді. Ал 2024 жылы маусымда ол астаналық «Жеңіс» клубында жалға ойнап, командамен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.

Алайда Темірланның мансабындағы ең есте қаларлық сәт осы жазда болды. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы (0:0) тарихи матчта ол пенальти сериясында үш соққыны тойтарып, «Қайратты» алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне алып шықты. Бұл сәт клуб тарихына алтын әріппен жазылды.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған «Қайрат» клубының өкілдерімен Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті арнайы құттықтаған еді. Кейін қақпашыға Zigi Zagi компаниясы қақпашыға заманауи автокөліктің кілтін табыстады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама