Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Біраз жер бос тұрды: «Қайрат» пен «Пафостың» ойнына қанша адам келгені белгілі болды

Редактор
22.10.2025, 16:36

Стадионның жалпы сыйымдылығы – 23 мыңнан астам орын

Данияр Ахметов, "Қайраттың" баспасөз қызметі

Алматыдағы Орталық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы кездесуді 16 478 жанкүйер тамашалады.

Бұл туралы Football Meets Data хабарлады.

Стадионның жалпы сыйымдылығы – 23 мыңнан астам орын. Матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын алдында көрермендердің аз келетіні туралы болжамдар болған. Кейбір ақпарат көздері трибунада небәрі 5-6 мың адам болады деп хабарлаған еді. Алайда ойынға жеті сағат қалғанда 11 мың билет сатылғаны белгілі болды.

Матч алдындағы төмен сұраныстың басты себебі – билеттердің жоғары бағасы. Кіру құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болған, бұл көптеген жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама