Жарнама
Жарнама

Қызылорданың «Қайсары» бас бапкер Виктор Кумыковпен қоштасты

Редактор
20.11.2025, 14:15

Клуб жақын күндері жаңа бас бапкердің есімін жариялауы мүмкін.

"Қайсар" клубының баспасөз қызметі

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы бас бапкер Виктор Кумыковпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты ресми түрде қош айтысты.

Клубтың мәліметінше, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ресейлік маманға команда мақсатына жетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтып, өңірдің ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасын табыстады.

Виктор Балютович «Қайсарды» 2023 жылдан бері жаттықтырып келген. ҚПЛ–2025 маусымының қорытындысы бойынша қызылордалық команда турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.

Клуб жақын күндері жаңа бас бапкердің есімін жариялауы мүмкін.

Реклама
Реклама