Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Өзбекстан FIFA-дан миллиард доллар алудан үмітті

Редактор
25.11.2025, 21:33

Бұл қаражат сондай-ақ стадионға іргелес қажетті инфрақұрылым салуға бағытталмақ

Ақорда

Сауд Арабиясының Даму қоры (SFD) мен FIFA дамушы мемлекеттердегі спорт инфрақұрылымын қаржылай қолдау мақсатында маңызды меморандумға қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты – спортты ұлттық дамудың маңызды бөлігі ретінде қарастыратын елдердегі инфрақұрылымды жақсартуға жағдай жасау.

1 млрд долларға дейінгі жеңілдетілген несие

Меморандум аясында SFD тарапынан дамушы елдерге FIFA сертификаттарына сай стадиондар салу немесе қолданыстағы нысандарды жаңғырту үшін 1 миллиард АҚШ долларына дейін жеңілдетілген несие бөлінеді.

Бұл қаражат сондай-ақ стадионға іргелес қажетті инфрақұрылым салуға бағытталмақ.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:

  • спорт арқылы жастарды қолдау, олардың әлеуетін арттыру;
  • әлеуметтік интеграцияны дамыту;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту;
  • елдердегі ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • жергілікті мамандардың біліктілігін дамыту.

FIFA мен SFD ұлттық билік органдарымен бірлесіп, жобалардың тиімді және тұрақты жүзеге асуына жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл бастама басқа халықаралық даму институттары мен жеке сектордың инвестиция тартуына да жол ашады.

Қазақстан мен Өзбекстан да үміткерлер қатарында

FIFA ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, бұл бағдарламаға қатысып, қаржыландыру алуға Қазақстан мен Өзбекстан да үміткер елдердің қатарында. Егер жоба мақұлданса, екі мемлекет жаңа стадиондар мен заманауи инфрақұрылым салуға мүмкіндік алады.

Реклама
Реклама

Материалда: