Жарнама
Жарнама

Өзбек футболшылары Түркия чемпионатында атой салды (ВИДЕО)

Редактор
30.11.2025, 12:18

Олар өзі ойнайтын клубтың турнирлік кестедегі жағдайын жақсартқан

instagram.com/ibfk2014/

Футболдан Түркия Суперлигасының 14-турында «Касымпаша» өз алаңында «Истанбул Башакшехирді» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Аталған матчта өзбек футболшылары ерекше көзге түскенін атап өту керек.

Ойынның 26-минутында өзбекстандық жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев айып добын орындап есеп ашса, бірінші тайм аяқталар тұста  Амин Арит «Касымпаша» қақпасына екінші голды соқты.

Алайда, 75-минутта қонақтар сапынан Дэви Зельке «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылған. Артынша Адем Арус есепті қысқартты. Ал, 90+7 минутта өзбек шабуылшысы Элдор Шомуродов есепті 1:3-ке жеткізіп, ойынның үктесін қойды.

Осылайша 16 ұпайға қол жеткізген «Истанбул Башакшехир» турнирлік кестенің тоғызыншы сатысына көтерілсе, «Касымпаша» 14-орынға төмендеді.

22 жастағы Файзуллаев Түркия чемпионатында алты матч өткізіп, бірінші голын соқты. Бұған дейін ол Ресейдің ЦСКА клубында өнер көрсеткен. 30 жастағы Шомуродов болса Түркия Суперлигасының үздік бомбардирлер қатарында: ол 14 матчта 10 гол соғып үлгерген.

Реклама
Реклама