АПЛ мен Ла Лигадағы ең қызу ойындарға Olimpbet талдауы
Англия. Премьер-лига. 15-тур. «Астон Вилла» – «Арсенал». 6 желтоқсан, 17:30 (Астана уақыты)
АПЛ-дың 15-турында Англия чемпионатының көшбасшысы «Арсенал» өз қарсыластарының бірі – «Астон Вилланың» алаңына қонаққа барады. Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде айқын басымдықты «канонирлерге» береді. Олардың пікірінше, лондондық клубтың жеңу мүмкіндігі алаң иелерінен екі еседен артық.
Турнирлік жағдай
Лондондық клуб Премьер-лигада дара көш бастап тұр. Ал бирмингемдік команда алты ұпайға қалып келеді. Сондықтан «Астон Вилла» жеңген күннің өзінде де «Арсеналды» қуып жете алмайды. Бірақ қашықтықты барынша қысқартып, турнир кестесіндегі шиеленісті айтарлықтай арттыра алады.
Апта ішінде қос команда да 14-турдағы матчтарын жеңіспен аяқтады. «Арсенал» өз алаңында «Брентфордты» 2:0 есебімен жеңсе, «Астон Вилла» сырт алаңда «Брайтонмен» голға бай ойын өткізіп, 4:3 есебімен жеңді. Унаи Эмери командасы матч барысында екі доп айырмасымен ұтылып тұрып, ерік танытып, матчты өз пайдасына бұра алды.
Статистика
«Арсеналдың» қорғанысы өте сенімді, ал олардың лигадағы гол айырмасы үздік (27:7). «Вилла» гол соғу жағынан да, гол жіберу жағынан да әлсіздеу көрінеді (20:14). Соған қарамастан, бирмингемдік клуб АПЛ-да қатарынан төрт матч жеңіп, лигадағы ең үздік әрекеттегі жеңіс сериясына ие. Ал «Арсенал» соңғы төрт ойында екі жеңіс пен екі тең ойын көрсетті. Сырт алаңдағы матчтарда әлі де қиындықтар байқалады.
Қарсыласу тарихы
Командалар тарихта 200-ден аса матч өткізген. Аздаған артықшылық «Арсенал» жағында.
Соңғы жылдары «Астон Вилла» Лондон клубына лайықты қарсылық көрсетіп жүр: соңғы 10 кездесудің бесеуін «Арсенал», төртеуін «Вилла» жеңіп, біреуі тең аяқталған.
Екі тарап соңғы рет 18 қаңтарда Лондонда кездесіп, 2:2 есебімен тарасқан.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары матчта көп гол болмайды деп болжайды, бірақ «Арсеналдың» гол соғуы айқын күтулі нәтиже.
Сонымен қатар бұрыш соғулар бойынша да фаворит – «қанонирлер». Бирмингемдегі матчта кемінде тоғыз корнер күтіледі.

Испания. Ла Лига. 15-тур. «Бетис» – «Барселона». 6 желтоқсан, 22:30
15-турдың басты ойыны Севильяда өтеді: «Бетис» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Olimpbet сарапшылары «блаугранаға» айтарлықтай басымдық береді.
Турнирлік жағдай
«Барса» осы аптада 19-турдан ауыстырылған матчта «Атлетиконы» 3:1 есебімен сенімді жеңіп, Ла Лигадағы бесінші қатарынан жеңісіне қол жеткізді. Қазір турнир көшін бастап тұрған каталондықтар «Бетистен» 13 ұпайға озық. Дегенмен, бесінші орында тұрған севильялықтардың бір матчы қорда.
Статистика
«Барселона» — Испания чемпионатының ең нәтижелі командасы. Каталондықтар 42 гол соғып, матч сайын орта есеппен үш голға жақын көрсеткішке ие.
«Бетистің» футболшылары 20 голға аз соққан (орта есеппен 1,57). Бірақ олардың қорғанысы аздап мықтырақ: 14 гол жіберсе, «Барса» қақпасына 17 доп енген. Ханси Флик командасы барлық көрсеткіш бойынша басым: соққылар (19,8–14,29), нысанаға дәл соққылар (7,87–4,71), бұрыш соғулар (6,4–4,86), допты иелену (67,4 %–51,36 %), офсайдтар (2,27–1,36).
Пеллегрини командасы тек фолдар (10,21–9,47) және сары қағаздар (2,07–1,4) бойынша алда.
Қарсыласу тарихы
«Барса» «Бетиске» қарағанда үш есеге жуық көп матч жеңген: 85 жеңіс пен 30 жеңіліс. 27 ойында жеңімпаз анықталмаған. Соңғы екі матч Ла Лигада тең аяқталды. Бірақ олардың арасында «Барса» Кубокта «Бетисті» 5:1 есебімен ойсырата жеңген (2024/25 маусымы, 1/8 финал).
Кадр мәселесі
Екі клубта да жарақат алғандар көп. Бірақ каталондықтардың құрам тереңдігі Фирмин Лопес, Френки де Йонг, Гавидің жоқтығын аса сездірмейді. Алайда «Атлетиком» матчында Дани Ольмо да жарақат алып, жыл соңына дейін ойнай алмайтыны хабарланды.
Ал «Бетис» үшін жағдай қиынырақ: Иско, Джованни Ло Чельсо, Софьян Амрабат, Эктор Бельерин және ең бастысы Антонидің жоқтығы матчты күрделендіреді. Антони дисквалификациясын өтегенімен, Кубок матчы барысында алған жарақатына байланысты «Барсаға» қарсы шықпайды.
Қорытынды
Сарапшылар қонақтар кем дегенде екі гол соғады, ал матчтың өзі «нәтижелі» болмақ деп есептейді. Гол соғатын ең ықтимал ойыншы ретінде «Барселонаның» тәжірибелі шабуылшысы Роберт Левандовский аталады.