Жарнама
Жарнама

«Қайрат» жастары «Олимпиакосты» айқын басымдықпен жеңді

Редактор
09.12.2025, 14:38

Ойынның төртінші минутында-ақ Рамазан Бағдат қақпаны дәл көздеп, есеп ашты

ФК «Қайрат»

Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда Грекияның «Олимпиакосын» қабылдап, сенімді жеңіске қол жеткізді.

Ойынның төртінші минутында-ақ Рамазан Бағдат қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Үзілістен кейін де алматылықтар басымдығын сақтап, 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш тағы бір гол соғып, нәтижені бекітті – 2:0.

Бастапқы құрамда Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мухамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат алаңға шықты.

«Қайрат» U-19 бұл жеңіспен жалпы кезеңдегі алғашқы толық үш ұпайын еншілеп, жарысты төрт ұпаймен қорытындылады. Бұған дейін команда Португалия, Испания, Кипр және Италия жастарынан жеңіліп, Дания клубымен тең түскен болатын.

Реклама
Реклама